Мемлекет басшысы бауырлас Қырғызстан халқына гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты пен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

Касым-Жомарт Токаев поблагодарил  народ Кыргызстана за гуманитарную помощь
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты бауырлас елдің көрсеткен көмегі үшін Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқына алғыс айтты. Сондай-ақ бұл гуманитарлық көмек екі ел арасындағы шынайы достықты, тілеулестікті және тығыз одақтастық қарым-қатынасты білдіретінін атап өтті.

«Мемлекеттер басшылары қазақ-қырғыз қатынастары барлық бағытта қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Әңгімелесу барысында президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібі бойынша пікір алмасты. Қырғызстан Президенті жақын арада Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келетінін растады» — делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар