Мемлекет басшысы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент
Фото: Ақорда

Сапар барысында Президент Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылына барады және еңбек адамдарымен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында салынып жатқан жаңа әуежай терминалымен танысып, бірқатар нысанды аралап көреді.

Соңғы жаңалықтар