Мемлекет басшысы Корея Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңді және корей халқын осы елдің Ұлттық күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы Корея Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы сан қырлы байланыс қарқынды түрде нығайып келе жатқанына назар аударып, қос халықтың игілігі жолында стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету үшін күш-жігер біріктіруге бейіл екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңнің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Корея Республикасына құт-береке тіледі. 

Айта кетелік бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Kazakhstan Energy Week — 2025 және XVI Еуразиялық KAZENERGY форумы қатысушылары мен қонақтарына арнайы үндеу жолдаған еді

Соңғы жаңалықтар