13:40, 08 Маусым 2025 | GMT +5
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қызметінен босатты
АСТАНА. KAZINFORM – Президенттің Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.
Бұл лауазымға Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды.