18:07, 20 Қараша 2024 | GMT +5
Мемлекет басшысы Мажарстан Президентімен кездесу үшін Шандор сарайына барды
БУДАПЕШТ. KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаевты Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок қарсы алды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.


Бірге суретке түсу рәсімінен кейін Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

Осыған дейін Қазақстан Президенті Мажарстанға мемлекеттік сапармен барғанын хабарладық. Сондай-ақ Тоқаев пен Орбан Мажарстан мен Германия арасындағы футбол матчын тамашалады. Сондай-ақ Мажарстанға мемлекеттік сапармен барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Будапешт қаласындағы Король сарайының Арыстандар алаңында ресми қарсы алу рәсімі өтті.
Оқи отырыңыз, Kazinform тілшісі Қазақстан мен Венгрия қарым-қатынасын шолып, даму жолына көз жүгіртті.