Мемлекет басшысы Наурыз мерекесіне қатысты

АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамы өтіп жатқан «Керуен сарай» кешеніне барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесіне қатысты
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының назарына еліміздің тарихи-мәдени мұрасын паш ететін арнайы бағдарлама ұсынылды.

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесіне қатысты
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Наурыз мерекесіне қатысты
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Наурыз мерекесіне қатысты
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қыш және ағаш шеберлерінің жұмыстары, тігін мен зергерлік өнер үлгілері, тері бұйымдары, сондай-ақ сан алуан дәстүріміз бен рухани қазынамызды бейнелеген суретшілердің туындылары көрсетілді.

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесіне қатысты
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Наурыз мерекесіне қатысты
Фото: Ақорда

Бұдан бөлек, Президент ұлттық спорт ойындарын тамашалады.

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесіне қатысты
Фото: Ақорда

Іс-шара барысында қазақ күресі, гір тасын көтеру, қол күресі, асық ату, арқан тарту, жамбы ату, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу және қошқар көтеру сияқты ойындар ұйымдастырылды.

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесіне қатысты
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Наурыз мерекесіне қатысты
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Наурыз мерекесіне қатысты
Фото: Ақорда

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат еткенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар