16:52, 01 Қазан 2025 | GMT +5
Мемлекет басшысы Нигерия Президентін тәуелсіздіктің 65 жылдығымен құттықтады
АСТАНА. KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаев Бола Ахмед Тинубуды Нигерия Федеративтік Республикасы Тәуелсіздігінің 65 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент жеделхатында Қазақстан мен Нигерия арасындағы қарым-қатынастың достық сипатқа ие екенін атап өтіп, қос халықтың игілігі жолында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға әзірлігін растады.
Осыған дейін Қазақстан Президенті мұғалімдерді алдағы Ұстаздар күнімен құттықтады.