Мемлекет басшысы Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаевқа Qarmet болат балқыту өндірісінің негізгі буыны саналатын конвертер цехы жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты
Фото: Ақорда

Президентке домна пешінде балқытылған шойынның қалай құрышқа айналатыны, содан кейін үздіксіз құю қондырғысына және одан әрі илемдеуге жіберілетіні көрсетілді.

Мемлекет басшысы Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты
Фото: Ақорда

Qarmet компаниясы 2024 жылы № 1 және № 2 конвертерлерде күрделі жөндеу жүргізіп, корпустарды толық ауыстырды және анағұрлым заманауи конструкциялар орнатты.

Мемлекет басшысы Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты
Фото: Ақорда

Жаңғырту жұмыстары шығарылатын өнім түрлерін көбейтіп, қорытылған болат көлемін ұлғайтуға, құрал-жабдықтардың сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты
Фото: Ақорда

Сонымен қатар цехтағы бірқатар технологиялық үдерісті табиғи газға көшіру ісі жалғасып жатыр.

Мемлекет басшысы Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты
Фото: Ақорда

Qarmet директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев Мемлекет басшысына өндірістік көрсеткіштер өсімі және инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру барысы туралы есеп берді. 

Мемлекет басшысы Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты
Фото: Ақорда

2026 жылдың қорытындысы бойынша 4 миллион тонна болат, 3,6 миллион тонна көмір және 3,9 миллион тонна темір рудасы концентратын өндіру жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты
Фото: Ақорда

Компания жұмысы басталғаннан бері инвестиция көлемі 2,7 миллиардтан аса долларды құрады.

Мемлекет басшысы Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты
Фото: Ақорда

Бұл қаражат өндіріс қуатын жаңғыртуға және жаңа өнеркәсіптік нысан салуға бағытталды.

Мемлекет басшысы Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты
Фото: Ақорда

Qarmet — еліміздегі толық өндірістік циклге ие ең ірі тау-кен-металлургиялық компаниясы.

Мемлекет басшысы Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты
Фото: Ақорда

Орталық Азиядағы өзінің көмір, темір рудасы кеніштері және энергетикалық базасы бар, интеграцияланған тау-кен-металлургиялық кешен.

Компанияда шамамен 35 мың еңбеккер, соның ішінде 14 мыңнан астам адам Теміртаудағы металлургия комбинатында жұмыс істейді.

Осыған дейін Президент Теміртаудағы жаңартылған трамвай жүйесімен танысқанын жазғанбыз.