16:32, 21 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Мемлекет басшысы Санкт-Петербург қаласына барды
АСТАНА. KAZINFORM – Президентті «Пулково» халықаралық әуежайында Санкт-Петербург қаласының губернаторы Александр Беглов пен Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко қарсы алды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 21-22 желтоқсан күндері Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы мен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына баратынын жазған болатынбыз.