Мемлекет басшысы ШЫҰ бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

АСТАНА. KAZINFORM –  Кездесуде ШЫҰ аясындағы ықпалдастықты одан әрі дамыту перспективасы талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

 Мемлекет басшысы ШЫҰ бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымының тиімді әрі теңгерімді халықаралық ұйым ретіндегі рөлін нығайтуға баса мән береді. Бұл қазіргі әлемдік саясаттағы сын-қатерлерге жедел үн қатуға ықпал етеді.

Президент Қытайдың ШЫҰ-ға төрағалығын жоғары бағалап, Ұйым тетіктерін жетілдіруге қолдау көрсететінін айтты. Бұдан бөлек, Қазақстанның Ұйым аясында ұсынған басты бастамаларын іске асыру жолдары қаралды.

Айта кетейік, Қазақстан Қорғаныс министрі ШЫҰ кеңесіне қатысты.

 

Соңғы жаңалықтар