Мемлекет басшысы Швеция Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

АСТАНА. KAZINFORM - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев XVI Карл Густавты Швеция Корольдігінің Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Глава государства направил поздравительную телеграмму Королю Швеции
Фото: Ақорда

– Бұл айтулы мереке швед халқы қадір тұтатын бірлік, тарихи мұра және берік демократиялық дәстүрлер сияқты құндылықтармен үндеседі. Сіздің дана басшылығыңыз арқылы еліңіз алдағы уақытта да орнықты даму мен жаңашылдықтың озық үлгісін көрсете беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

 

Соңғы жаңалықтар