Мемлекет басшысы Швейцария президентін құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының Ұлттық күніне орай Президент Карин Келлер-Зуттерге құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы Швейцария президентін құттықтады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы ұлттың бірлігін, демократия дәстүрлерін және елдің бейтараптық қағидатына бейілдігін айшықтайтын мерекенің ерекше мәніне назар аударып, Швейцария халқына бақ-береке тіледі. 

Сонымен қатар Президент Қазақстан мен Швейцария қарым-қатынасының жоғары деңгейде екеніне тоқталып, қос халықтың игілігі жолында өзара ынтымақтастық нығая беретініне сенім білдірді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы көлік саласының қызметкерлерін марапаттағанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум