Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. 

Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

— Қасым-Жомарт Тоқаев Кочани қаласында болған өрттен көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давковаға және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтып, жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, — делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Қалмұқаметұлы Төребаев жаңа қызметке тағайындалғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар