Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

АСТАНА. KAZINFORM –  Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонды Тәжікстанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда
– Елдеріміз ғасырлардан тамыр тартатын дәстүрлі достық пен өзара қолдауға, халықтарымыздың түпкі мүддесіне арқа сүйеп, шын мәнінде, стратегиялық серіктес әрі одақтас ретінде қарым-қатынас құра алды. Бірлесіп екіжақты, сондай-ақ аймақтық, халықаралық ынтымақтастық деңгейінде қазақ-тәжік ықпалдастығының әлеуетін таныта беретінімізге сенімім мол, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас тәжік халқына бақ-береке тіледі.  

Айта кетелік Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гордана Силяновска-Давкованы Солтүстік Македония Республикасының ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күнімен құттықтаған еді

Соңғы жаңалықтар