Мемлекет басшысы тігін фабрикасында болды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Президент Ордабасы ауданында «JNRAY Group» серіктестігі биыл іске қосқан тігін фабрикасының жұмысымен танысты.

а
Фото: Ақорда
тігін
Фото: Ақорда

Аумағы 6 мың шаршы метр болатын жеңіл өнеркәсіп нысанын ашуға мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасы аясында 1,4 миллиард теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілген.

тігін фабрикасы
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевқа фабрикада киім-кешек, төсек жабдықтары және арнайы киім түрлері шығарылатыны жөнінде мәлімет берілді. 

а
Фото: Ақорда

Бүгінде кәсіпорында 300 адам жұмыс істейді. Келешекте өнім түрлерін көбейтіп, тігіншілер санын 500-ге дейін жеткізу жоспарланған.

а
Фото: Ақорда

Қажетті шикізат көршілес Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінен жеткізіледі.

Мемлекет басшысы тігін цехын аралап көріп, өнім үлгілерімен танысты.

тігін фабрикасы
Фото: Ақорда
а
Фото: Ақорда

 

Соңғы жаңалықтар