Мемлекет басшысы цифрлық шешімдер көрмесіне барды

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы аясында ұйымдастырылған цифрлық шешімдер көрмесімен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы цифрлық шешімдер көрмесіне барды
Фото: Ақорда

Ustem Foundation қоғамдық қоры, Freedom Bank, Yandex Qazaqstan, Kaspi Bank, «Қазақтелеком» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Қазақстан темір жолы» АҚ және басқа да отандық жетекші компаниялар мен ұйымдар ЖИ саласындағы жобаларын көрмеге қойған.

Мемлекет басшысы цифрлық шешімдер көрмесіне барды
Фото: Ақорда

Экспозициялар білім беру, мәдениет, логистика, «ақылды қала» технологиялары секілді ауқымды бағыттарды қамтыды.

Мемлекет басшысы цифрлық шешімдер көрмесіне барды
Фото: Ақорда

Сонымен қатар туристік онлайн қызметтері, генеративті ЖИ платформалары, В2В-агенттері мен AITU отандық мессенджері таныстырылды.

Мемлекет басшысы цифрлық шешімдер көрмесіне барды
Фото: Ақорда

Көлік бағытында жаңа буынды 5G базасында тасымалды басқару мен телекоммуникацияға арналған ЖИ негізіндегі кешенді жүйелер көрсетілді.

Мемлекет басшысы цифрлық шешімдер көрмесіне барды
Фото: Ақорда

Аталған іс-шара еліміздегі цифрлық технологияның қарқынды дамуын, сондай-ақ жасанды интеллектінің ұлттық экожүйесін қалыптастыруға отандық бизнес пен институттардың қосқан үлесін паш етеді. 

Айта кетелік Президент Жасанды интеллектіні дамыту кеңесінің алғашқы отырысын ашқан еді

Соңғы жаңалықтар