11:03, 10 Қазан 2024 | GMT +5
Мемлекет басшысы Түрікменстанға ресми сапармен барды
АШХАБАД. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға ресми сапармен барды.

Ашхабад әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаевты түрікмен халқының көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды.


Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ Президент Ашхабадтағы Абай Құнанбайұлының ескерткішін ашып, «Дәуірлер мен өркениеттер байланысы – бейбітшілік пен дамудың негізі» атты халықаралық форумға қатысады.

