Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиді құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиді құттықтады
Фото: Ақорда

— Бұл күн үнді халқының мызғымас рухы мен мемлекеттік құрылыс, экономикалық даму және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолындағы тамаша жетістіктерін көрсетеді, — деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынас сипатын оң бағалап, екі елдің стратегиялық серіктестігі алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді. 

Айта кетелік бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ұстаздардың тамыз конференциясы өткен еді

Соңғы жаңалықтар