03:17, 06 Қараша 2025 | GMT +5
Мемлекет басшысы Вашингтонға сапармен барды
ВАШИНГТОН. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Президент Дональд Трамппен келіссөз жүргізіп, «Орталық Азия — АҚШ» саммитіне қатысады.

Айта кетейік, бұған дейін Орталық Азия — АҚШ саммиті Еуразияның жаңа геосаясатын қалай айқындайтынын жазған болатынбыз.