Мемлекет басшысы Венесуэла Президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айтты

АСТАНА.KAZINFORM - Мемлекет басшысы Венесуэла Президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

көңіл айтты
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты Делси Родригеске көңіл айтты.

– Осындай ауыр кезеңде қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Венесуэла халқына көңіл айтамын. Табиғи апаттан қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келіп, болаттай берік болуын, ал жарақат алған азаматтардың тез арада сауығып, отбасыларына аман-есен оралуын тілеймін, – делінген жеделхатта.

Венесуэлада болған екі қуатты жер сілкінісінің салдарынан қаза тапқандар саны 188 адамға жетті. Тағы 1520 адам жарақат алғанын жазған едік.

Біріккен ұлттар ұйымы Венесуэлаға көмек көрсету үшін халықаралық қауымдастықты бұрын-соңды болмаған деңгейде жұмылуға үндеді.