Мемлекет басшысы World Aquatics президентін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы әлемде және Қазақстанда су спорты түрлерін дамытуға үлес қосқаны үшін World Aquatics президенті Хусейн Әл-Мусалламды ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Айта кетейік, Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев World Aquatics президенті Хусейн Әл-Мусалламмен кездесті.