Мемлекет басшысы жастарды келешектің кепілі саналатын сапалы білім алуға шақырды

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің аумағында орналасқан технология паркінің жұмысымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы Yessenov Technopark қызметімен танысты
Фото: Ақорда

Президентке технопарктің заманауи инфрақұрылыммен жасақталғаны жөнінде айтылды. Мұның бәрі стартаптар мен жобалар әзірлеумен айналысатын кәсіпкерлерді, студенттерді, сондай-ақ оқушыларды қолдауға арналған.

Мемлекет басшысы Yessenov Technopark қызметімен танысты
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Yessenov Technopark қызметімен танысты
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Yessenov Technopark қызметімен танысты
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына инновациялық зертханалар мен шеберханалар таныстырылды. Онда студенттер мен жас мамандар электроника, роботты техника, лазермен кесу, ағаш және металл өңдеу, полиграфия, 3D-дизайн, тігіншілік дағдыларын меңгереді.

Мемлекет басшысы Yessenov Technopark қызметімен танысты
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Yessenov Technopark қызметімен танысты
Фото: Ақорда

Президент халықаралық бағдарлама бойынша ІТ-мамандарды даярлайтын оқу аймағын және цифрлық әрі телекоммуникациялық құзыреттерді дамытуға бағытталған зертхананы аралап көрді.

Мемлекет басшысы Yessenov Technopark қызметімен танысты
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Yessenov Technopark қызметімен танысты
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Yessenov Technopark қызметімен танысты
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Yessenov Technopark қызметімен танысты
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев студенттермен әңгімелесу барысында қазір жаңа технологиялар мен жасанды интеллект бағыттарын дамыту өзекті болып отырғанын жеткізді. Президенттің айтуынша, елімізде көлік-логистика саласының білікті мамандарына сұраныс жоғары. Мемлекет басшысы жастарды келешектің кепілі саналатын сапалы білім алуға шақырды.

Айта кетелік Президент Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрген еді

Соңғы жаңалықтар