15:07, 08 Маусым 2025 | GMT +5
Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қорғаныс министрін қабылдады
АСТАНА. KAZINFORM – Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады.

Кездесуде Мемлекет басшысы армияның жауынгерлік дайындығын нығайту, басқару жүйесіне цифрлық шешімдерді енгізу, Арнайы операциялар күштерінің мүмкіндігін кеңейту, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстың тиімділігін арттыру, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды жаңғырту бойынша нақты міндеттер жүктеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президенттің Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылғанын жазған едік. Бұл лауазымға Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов тағайындалды.