15:00, 26 Қазан 2023 | GMT +5
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Жетісу облысында жүр
Сапар аясында Президент өңірдегі бірқатар мәдени, туристік, өндірістік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Kazinform.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Талдықорған қаласындағы тұрғын үй құрылысының жай-күйімен және облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысады.