Мемлекет басшысын Анкарадағы Президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

АНКАРА. KAZINFORM – Түркия Республикасына ресми сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкарадағы Президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысын Анкарадағы Президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Фото: Ақорда

Қазақстан Президентінің сапарына орай Құрмет қарауылы сап түзеді.

Мемлекет басшысын Анкарадағы Президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысын Анкарадағы Президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Фото: Ақорда

Сарайға келген сәтінде Мемлекет басшысының кортежін салт атты гвардия бастап жүрді. 

Мемлекет басшысын Анкарадағы Президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевты Режеп Тайип Ердоған қарсы алды. Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік әнұрандары шырқалып,зеңбіректен 21 рет оқ атылды.

Мемлекет басшысын Анкарадағы Президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысын Анкарадағы Президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Фото: Ақорда

Екі елдің басшылары Құрмет қарауылының алдынан жүріп өтіп, бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Одан соң мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Orzax Group басқарма төрағасы Селман Алимоғлыны қабылдағанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар