Мемлекет басшылары деңгейіндегі ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің 28-ші мәжілісі желтоқсанда Мәскеуде өтеді

СТАНА. Шілденің 5-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мемлекет басшылары деңгейіндегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Мемлекетаралық кеңесінің кезекті 28-ші мәжілісі 2010 жылғы желтоқсан айының екінші жартысында Мәскеуде өтетін болады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің 27-ші мәжілісінен кейінгі БАҚ өкілдеріне арналған мәлімдемеде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

«Мен бүгінгі мәжілістің қорытындысына қанағаттанамын. Біздер елдеріміз арасындағы көпжақты ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған мақсатты әрі салмақталған саясатты жалғастыруға ниеттімін», - деді Н. Назарбаев.

Елбасы ЕурАзЭҚ құрылған 10 жылдың ішінде қол жеткізілген нәтижелер осы өңірдің дамуының зор әлеуеті барын айғақтайды. «Мен интеграциялық үдерістерді тереңдетудің жақтаушысымын. Бұл орайда ЕурАзЭҚ ТМД-ның өзге де мемлекеттеріне үлгі болады деп ойлаймын. Біз ТМД-мен шектеліп қалмай, ЕурАзЭҚ барлық қатысушылар үшін пайдалы екенін көрсеткіміз келеді», деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар