Мемлекет басшысы 4 шілде күні олимпиадаға баратын спортшыларды қабылдайды

None
None
АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 4 шілде күні Лондон Олимпиадасына қатысатын қазақстандық спортшыларды қабылдайды.

Бұл туралы бүгін ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов мәлім етті.

«4 шілде күні Мемлекет басшысы біздің олимпиадашыларды қабылдайды. Біз үшін Лондон Олимпиадасы Бейжіңдегіден де жемісті болатынына сенеміз. Біздің спортшылардың әлеуеті бар және олар жақсы нәтиже көрсететіндеріне үміттенеміз», - деді Е. Қанағатов Астанадағы баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетейік, Лондон-2012 Олимпиадасы 27 шілде күні басталып, 12 тамызға дейін жалғасады. Оған 205 елден 10 мыңнан астам спортшы қатысады деп күтілуде. 39 спорт бойынша 302 медаль сарапқа салынады.

Қазақстандық спортшылар 102 олимпиада жолдамасын ұтып алды.

Соңғы жаңалықтар