16:54, 07 Шілде 2009 | GMT +5
Мемлекет басшысы Әбу-Даби Плаза кешенінің құрылысына қатысты келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды
АСТАНА. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы, Астана қаласындағы Әбу-Даби Плаза кешенінің құрылысына қатысты келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.