Мемлекет басшысы әлемдегі азық-түлік тапшылығы туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 76-сессиясының Жалпы дебаттарында сөйлеген сөзінде биыл 270 миллион адам азық-түлік тапшылығын сезінетінін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Қазақстан – ірі бидай өндіруші және экспорттаушы ел. Сондай-ақ Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының негізін қалаушылардың бірі. Оның төртінші Бас ассамблеясы өткен айда елордамызда өтті. Біз орнықты ауыл шаруашылығының жарқын болашағы үшін шетелдік инвесторларды өзімізге шақырамыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, орнықты даму экономикалық өсімге ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік және саяси дамуға да байланысты. Қазақстан 30 жыл ішінде кемеліне келген, тәжірибелі мемлекет болды. Демократияға бейілдігін нығайтуға және азаматтардың басқару ісіне кеңінен атсалысуына ықпал етуге ұмтылады.


Соңғы жаңалықтар