Мемлекет басшысы Астанадағы №1 қалалық аурухананың стационарын көрді

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы /- Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы №1 қалалық аурухананың жаңадан салынған 500 орындық көпбейінді стационарын аралап көрді.
None
None

Аталмыш аурухана құрылысы 2008 жылы республикалық бюджет есебінен қаржыландырылды. «Аурухана құрылысының аяқталуымен біз Астананы 100 пайыз медициналық қызметпен қамтамасыз еттік. Сіздердің алдарыңыздағы ендігі мақсат - адамдарды емдеп, дертке шалдыққандарды аяққа тұрғызу. Сонымен қатар елорда тұрғындарына қызмет етулеріңіз тиіс», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Клиниканың бас дәрігері Алексей Цойдың айтуынша, аталмыш стационар Еуропаның заманауи клиникаларының талаптарына сәйкес жарақталған. Қазақстанда теңдесі жоқ инсульт орталығы ашылды. Орталық инсультқа шалдыққандарды емдеу және қалыпқа келтіру құралдарымен жабдықталған. Сонымен қатар стационарда жоспарлы және ауыр халдегі шұғыл науқастарды қабылдайтын екі бөлім бар. Ол бір мезгілде екі жедел- жәрдем машинасын қабылдай алады. Алексей Цойдың сөзіне қарағанда, қаладағы әрбір екінші жедел-жәрдем көлігі осында келеді. Сонымен қатар клиникада диагностикалық, операциялық, реанимациялық шұғыл емдеу бөлімдері бар. Сондай-ақ көпбейінді стационарда 22 бөлім бар және барлық медициналық қызметтер ұсынылған. Жалпы ғимараттың ауданы 64 мың шаршыметрді құрайды.

Соңғы жаңалықтар