Мемлекет басшысы: Астананың бюджеті Киевтен - 1,5, Минскіден 2,5 есеге артық

«Былтырғы жылдың өзінде ғана мемлекет тарапынан әлеуметтік салаларға 70 миллиард теңге бөлінді. Осының арқасында елордада 17 балабақша, 2 мектеп салынды. Көпфункциялы 500 орындық аурухана, Кардиоорталық секілді бірқатар әлеуметтік маңызды нысандар іске қосылды. Қалалық әкімдік пен әкімнің өзі менің тапсырмаларымды орындау үшін осындай әлеуметтік нысандардың құрылысын ұдайы қадағалауда ұстады», - деді Н. Назарбаев.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының айтуынша, былтырғы жылы Астана қаласының жалпы бюджеті 353 млрд. теңгені құрады. «Жан басына шаққандағы деңгейімен есептесек, бұны Прага қаласының бюджетімен салыстыруға болады. Ал бюджет ауқымы бойынша Астана Киевтен 1,5 есе, Миниск қаласынан 2,5 есеге артық. Қаламызға бар болғаны 12 жыл болғанымен, бұл біздің еңбегіміздің нәтижесін білдіреді», - деді Президент.