16:36, 20 Ақпан 2009 | GMT +5
Мемлекет басшысы аудиторлық қызметті жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды
АСТАНА. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Заң аудиторлық қызметті жетілдіруге және аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін күшейтуге бағытталған. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.