15:33, 09 Қараша 2017 | GMT +5
Мемлекет басшысы Ауыр спорт түрлері академиясында болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қостанай қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Ауыр спорт түрлері академиясына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Елбасы спорт залын аралап көріп, жергілікті спортшылармен, сондай-ақ Қазақстанның ауыр атлетикадан жасөспірімдер құрамасының мүшелерімен әңгімелесті.
***
Академия спорттың ауыр атлетика, пауэрлифтинг, бодибилдинг, армрестлинг сияқты түрлерінен спортшылар дайындайды.