Мемлекет басшысы Әзірет Сұлтан мешітіне барды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірет Сұлтан мешітіне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барып, Қазақстан мұсылмандарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Сонымен қатар құран оқытылып, Мемлекет басшысының атынан құрбандық шалынды», - деп жазды Ақорданың әлеуметтік желідегі ресми парақшасы.


Соңғы жаңалықтар