17:23, 04 Шілде 2010 | GMT +5
Мемлекет басшысы балалармен - елорданың құрдастарымен кездесті
СТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат - Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астананың құрдастары үшін елорданың он екі бірегей ғимараттары» бағдарламасы бойынша қаланың ең көрнекті құрылыстарында болып жүрген балалармен - елорда құрдастарымен кездесті, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз оорталығы.

Олардың арасында «Қазақстан» орталық концерт залы, Тұңғыш Президенттің интеллектуалдық мектебі, «Бәйтерек» кешені, «Назарбаев университеті» білім ордасы, «Астана Арена» жабық стадионы, «Қазақ елі» монументі, Тәуелсіздік, Бейбітшілік және келісім, «Шабыт» шығармашылық сарайлары, сондай-ақ «Думан» және «Керуен» ойын-сауық кешендері бар.
Бүгін балалар Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясында болды, оларға Ақорда залдарына саяхат ұйымдастырылды.