11:30, 22 Шілде 2019 | GMT +5
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет
басшысының Өкімдерімен Сатыбалды
Бұршақов пен Айдын
Құлсейітов жаңа қызметке
тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды;
Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды», делінген құжатта.