15:27, 24 Қараша 2011 | GMT +5
Мемлекет басшысы бюджет процесіндегі уәкілетті органдар арасындағы мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі функциясы мен өкілеттігінің аражігін ажыратуға бағытталған Заңға қол қойды
ТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - Елбасы бюджет процесіндегі уәкілетті органдар арасындағы мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі функциясы мен өкілеттігінің аражігін ажыратуға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті органдардың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі құзіретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды,

деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.