11:35, 25 Қараша 2011 | GMT +5
Мемлекет басшысы депутаттық мандаты мерзімінен бұрын аяқталған Мәжіліс депутаттарына атқарған зор еңбектері үшін алғыс білдірді
ТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс 14 съезінде сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев депуттаттық мандаты мерзімінен бұрын аяқталған Мәжіліс депутаттарына атқарған зор еңбектері үшін алғыс білдірді

«Мен съезд трибунасынан Мәжіліс депутаттарына олардың қызмет кезеңіндегі жауапкершіліктері үшін, атқарған нәтижелі жұмыстары үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, партия олардың мол тәжірибелерін пайдаланатындығына зор сенім білдірген Н.Назарбаев: «Менің ойымша, депутаттардың басым бөлігі қайта сайланатын болады. Ал мандаты аяқталған депутаттарға атқару билік органдарында, «Нұр Отан» партиясында тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік беріледі», деді.