Мемлекет басшысы ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әрбір тәсілді қолдануға құқылы - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әрбір тәсілді қолдануға құқылы. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы референдумда дауыс бергеннен кейін, тілшілер Президент өкілеттігіне қатысты сұрақ қойды. Бұл ретте Конституциялық өзгерістерге сәйкес Президенттің өкілеттігі азайып, Парламентке берілгені айтылды.

«Бұл қадам мемлекеттің тағдыры шешілетін сәтте шұғыл шешім қабылдауға кедергі келтірмей ме?», –деп сұрады тілші.

«Президент Мемлекет басшысы ретінде әрбір тәсілді қолдануға құқылы. Сондықтан ешқандай текетірес жоқ. Ең алдымен, Парламент пен Президенттің арасындағы теңгерім болуы керек. Осы орайда мұны демократияның бір көрінісі деп ойлаймын. Атап айтқанда, Президентке қатысты ешқандай тосқауыл болмайды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты шұғыл әрекеттер жасауға барлық мүмкіндіктер бар екенін атап өтті.

Президент елімізде қаңтар оқиғасы секілді жағдайлар қайталанбайтынын қадап айтты.


Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатер аз емес екенін жеткізді.

Қазақстан Президенті елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №59 дауыс беру учаскесіне келіп, республикалық референдумда өз таңдауын жасағанын бұдан бұрын жазған болатынбыз. Кейін Қ.Тоқаев БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатер аз емес екенін жеткізді. Сондай-ақ референдумнан кейін қазақстандықтарды үлкен өзгерістер күтіп тұрғанын, қаңтар оқиғасында қаза болғандардың тізімі жарияланатынын айтты.


Соңғы жаңалықтар