17:07, 20 Ақпан 2009 | GMT +5
Мемлекет басшысы ENRC акционерлерінің алдына қызметкерлердің әлеуметтік топтамаларын барынша сақтау міндетін қойды
АСТАНА. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ENRC акционері Александр Машкевичті қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.А.Машкевич Мемлекет басшысын Еуразиялық Табиғи ресурстар корпорациясы жұмысының перспективалық бағыттары және ұжымдағы әлеуметтік ахуал туралы хабардар етті. - Біз компаниямыздың ұжымы алдында жауаптымыз. Әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында біздің кейбір кәсіпорындардағы өндіріс өнімдері 50-60 пайызға төмендеп кетті. Осыған қарамастан жұмысшылар жұмыстан босатылмайды. Олар ертеңгі күніне сенімді бола алады. Мемлекет басшысы ENRC акционерлерінің алдына қызметкерлердің әлеуметтік топтамаларын барынша сақтау міндетін қойды, біз бұл міндетті орындаймыз, - деді журналистерге арналған брифингіде А.Машкевич.