15:03, 09 Қаңтар 2012 | GMT +5
Мемлекет басшысы газ және газбен жабдықтау мәселелері жөніндегі ҚР заңнамасына түзетулер туралы Заңға қол қойды
АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қолданыстағы құқықты «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.