Мемлекет басшысы Головкин мен Альварес жекпе-жегіне пікір білдірді
«Сіздердің жеңістеріңізге қарап жастар спортпен айналысуға ұмтылатын болады. Ал бұл ұлттың денсаулығы, келешектің салауаты. Қандай жастар, қыздар өмірде даңқты болғысы келмейді. Әркім өзінің қабілетімен әртүрлі жетістікке жетеді. Біреуі ғылымда, екіншісі математикада, үшіншісі тағы бір салада, төртіншісі спортта аты шығады», - деп атап өтті Елбасы кездесу барысында.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы бүгінгі Головкин мен Альварестің шаршы алаңдағы жекпе-жегіне де тоқталды.
«Бүгін барлықтарыңыз Головкинге жанкүйер болдыңыздар ма? Мен бастан-аяқ көрдім. Ол жеңген сияқты деп дауласып жатыр. Барлық уақытта солай айтады. Әр кез да жеңіске жетпегенге біреулер кінәлі. Платон «Адам өзінен бұрын Құдайды, тағдырын, үкіметті айыптап шыға келеді» деп айтып кеткен. Сондықтан да ең дұрысы жаттығып, жеңіске жету үшін айқын басымдық көрсету керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Кездесу соңында Қазақстан Президенті спортшыларымызға жеңіс тіледі.
«Қазіргі уақытта бұл өте маңызды сала. Мен спортты, сендерді қолдаймын. Өйткені болашақ сендердің, жастардың қолында», - деді Елбасы.