Мемлекет басшысы «Хабар» агенттігінің Басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
Фото: akorda.kz

Президентке «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының қызметін заман талабына сай жаңғырту жөнінде берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндалды.

Атап айтқанда, агенттік қызметкерлерін әлеуметтік жағынан қолдау шараларына, жаңадан құрылған облыстардың орталықтары – Жезқазған, Қонаев қалаларында меншікті тілшілер пункттерін ашуға қатысты мәселелер шешілген.

Мемлекет басшысына «Хабар» агенттігін» техникалық тұрғыда жаңғырту жоспары, 2022-2023 жылдары акционерлік қоғамның құрамына кіретін телеарналарда қолға алынған ақпараттық, қоғамдық-саяси және танымдық жобалар жайлы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев агенттіктің атқарған жұмысын оң бағалады және мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар