Мемлекет басшысы халықаралық конференцияға қатысушыларды құттықтады

АЛМАТЫ. 6 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанда денсаулық сақтау мемлекеттік маңызды басымдылық болып саналады. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) жөніндегі Алматы декларациясының 35 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысушыларға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауында айтылды.
None
None
Құттықтауды алпыстан астам мемлекеттің делегациясы қатысқан алқалы жиында Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев оқып берді. Елбасы медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету отандық денсаулық сақтау моделінің негізгі стратегиялық міндеті екенін атап өткен. Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қалалық және ауылдық жерлердегі кең тараған жүйесі Қазақстан денсаулық сақтау саласының негізі екендігі айтылған.
Соңғы жаңалықтар