Мемлекет басшысы К.Мәсімовтің ҚР индустриялық даму стратегиясын жүзеге асыру туралы есебін және М.Тәжиннің ҰҚШҰ елдері Қауіпсіздік Кеңесі хатшыларының шұғыл консультациялар қорытындылары туралы ақпаратын тыңдады

СТАНА. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр К.Мәсімов, Президент Әкімшілігінің Басшысы А.Мусин, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы М.Тәжиннің қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді.
None
None

Кеңесте Премьер-Министр К.Мәсімовтің еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы қорытындысы, сондай-ақ индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру туралы есебі тыңдалды. Осы кезең аралығында ЖІӨ 8,3 пайызды құрады, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы М.Тәжин еліміздің Президентін Мәскеуде маусымның 14-інде болып өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымына (ҰҚШҰ) қатысушы-елдердің Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының Қырғызстандағы жағдайды тұрақтандыру туралы төтенше консультациялары жайынан хабардар етті.

Бүгінде ҰҚШҰ Қырғызстандағы жағдайды тұрақтандыруда және реттеуде маңызды рөл атқаратын өте іскер ұйым болып табылады.

Кездесудің қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар