13:44, 21 Наурыз 2020 | GMT +6
Мемлекет басшысы: Карантин режимін қатаң сақтау – баршамызға ортақ міндет
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин режимін сақтаудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Екі негізгі қалада карантин режимін қатаң сақтау – баршамызға ортақ міндет. Бұл індетке жайбарақат, бей-жай қарауға болмайды. Қойылған талаптарды орындау қажет. Үкімет қысқа мерзім ішінде азаматтарды бетпердемен және антисептиктермен қамтамасыз етуі тиіс», - деп жазды Президент Twitter-де.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Қ.Тоқаев коронавируспен күрес жұмысын үйлестіретін елордадағы Шұғыл әрекет ету орталығына барды. Орталықтың негізгі міндеттерінің бірі – халыққа шынайы ақпарат беру.