Мемлекет басшысы кәсіпкерге дәнуатқыш аппаратын сыйға тартты

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы қарапайым ауыл тұрғынының тұрмыс-тіршілігімен танысу үшін жеке қосалқы шаруашылығын жүргізіп отырған Қостөбе ауылы тұрғынының үйіне барды, деп хабарлайды Ақорда.
None

Ауыл тұрғыны Саламат Рахманбердиев 2020 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайызбен 3,6 миллион теңге несие алып, 6 бас мүйізді ірі қара, 3 бас жылқы, 10 бас қой сатып алған.


Кәсіпкер мал бордақылап сатумен айналысады. Қазір төл басын арттырып, тапқан табысына жүк көлігін сатып алған. Ол өз нәпақасын табумен қатар, ауылдың екі тұрғынын жұмыспен қамтып отыр.

Саламат Рахманбердиев алдағы уақытта жем сататын дүкен ашып, мал басын көбейту үшін тағы да жеңілдікпен 10 миллион теңге кредит алуға ниеттеніп отырғанын жеткізді.

Мемлекет басшысы еңбекқор жігіттің кәсібіне табыс тілеп, өз атынан дәнуатқыш аппаратын сыйға тартты.

Еске салайық, Президент Жамбыл облысында жұмыс сапарымен жүр.

Қ.Тоқаев жазушы Шерхан Мұртазаның ескерткішіне гүл шоғын қойғаннан кейін зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті.

Кейін Мемлекет басшысы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының Студенттер үйінде оқу орнының оқытушылармен және студенттермен кездесті.

Байзақ ауданының Көктал ауылдық орта мектебінің жұмысымен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздар қауымымен жүздесіп, жаңа әрі жайлы мектепте білім алып жатқан оқушыларға табыс тіледі.

Байзақ ауданы Мырзатай ауылындағы «Әулие Ата Феникс» құс фабрикасында цехтарды аралап көрді.


Фото: akorda.kz


Соңғы жаңалықтар