Мемлекет басшысы Қазақстан Магниткасының құрылғандығының 50 жылдығына орай бірқатар азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады
Атап айтқанда, Мемлекет басшысы елдің экономикалық дамуындағы, өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін Теміртау қаласындағы еңбек ардагері Арғын Жүнісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - Қазақстанның Еңбек Ері атағын тапсырды.
Сондай-ақ мемлекетке және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін және Қазақстан Магниткасының 50 жылдығын мерекелеуге байланысты бірқатар азаматтар Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды. Атап айтқанда, «Отан» орденімен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ Аға өндірістік шебері Виктор Деркач; II дәрежелі «Барыс» орденімен Ресей Федерациясы Қаржы өнеркәсіп топтары қауымдастығының президенті Олег Сосковец пен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ суық металдарды кесушісі Виктор Ткаченко; III дәрежелі «Барыс» орденімен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ цех бастығы Жанас Арысов; II дәрежелі «Достық» орденімен «Арселор Миттал» металлургиялық компаниясының иесі Лакшми Миттал; «Құрмет» орденімен еңбек ардагері Төлеген Адам-Юсупов, Арселор Миттал Теміртау» АҚ цех бастығы Андрей Бекенеев, Теміртау ардагерлер ұйымы қалалық кеңесінің төрайымы Нина Вахитова, Теміртау қаласының әкімі Нұркен Сұлтанов марапатталды.