Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлыққа қол қойды
![None None](/static/img/plug.webp)
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасын экономикалық дамытудағы, өңдірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін мыналарға:
«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін:
Двуреченский Валентин Иванович - «Заречное» ЖШС директоры, Қостанай облысының Қостанай ауданы;
Кенжебаев Әділхан Айтқазынұлы - «Қазэкспортастық агрофирмасы» ЖШС бас директоры, Ақмола облысының Зеренді ауданы;
Молдабеков Руслан Жұмабекұлы - «Тайынша-Астық» ЖШС бас директоры, Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев
Астана, Ақорда, 2011 жылғы 11 қараша
№ 173