Мемлекет басшысы: Қазақстанда шетелдік инвесторлар үшін инвестициялық қолдаудың толық жиынтығы құрылады

АСТАНА-АНКАРА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасына ресми сапары аясында Түркияның іскер топтарының жетекші өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлады ақорданың баспасөз қызметі.
None
None

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Түркия Қазақстанның жетекші сауда серіктестіктерінің бірінен саналатынын атап өтті. Соңғы жылдары екі ел арасындағы тауар айналымы едәуір өсті, сондай-ақ өзара инвестиция көлемі артып келеді. Экономиканың әртүрлі салаларында ірі бірлескен жобалар іске асырылуда.  

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан алдына экономиканы жедел әртараптандыру және жаңарту міндетін қойып отырғанын атап көрсетті. Осы мақсатта 2010 жылдан бері Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының бірінші бесжылдығы іске асырылуда. Ондағы негізгі басымдық - инвестиция тарту, жаңа технология, кадр әлеуетін дамыту үшін барлық жағдайды жасау. Маңызды бастаманың бірі - Ұлы Жібек жолын қайта жаңарту жөніндегі жоба.

Кездесуді аяқтай келе, Мемлекет басшысы Қазақстанда шетелдік инвесторлар үшін инвестициялық қолдаудың толық жиынтығы құрылатынына және экономиканың басымдық салаларындағы жобаларды іске асыруға көмек көрсетілетініне тоқталды.

 

 

Соңғы жаңалықтар